Жамбыл ауылдық округінде «ТазаҚазақстан» республикалық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық шарасы барысында 7 көшенің бойы, мекемелердің айналасы және 4 шақырым тас жол бойы қоқыстан тазартылды. Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері мен «Жасыл ел» жасағының мүшелері қатысып, жалпы саны 45 адам жұмылдырылды. Нәтижесінде, 1 тонна тұрмыстық күл-қоқыс арнайы белгіленген орынға шығарылды. Мұндай игі шаралар ауылдың тазалығын сақтауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Нұрсәуле Жауынбаева

