Заманауи трендтердің ықпалы мен табиғаты

(0 Votes)
Жасанды интеллект көмегімен жасалған күлкілі бейнероликтер, tik tok әлеуметтік желісіндегі билер, ең соңғы шаш қию үлгілері - бұның бәрін не біріктіреді? Аталған нәрселердің бәрі - қазіргі трендтер. Немесе, олардың аз бөлігі ғана. Тренд - белгілі уақыт аралағындағы ең танымал, вирустық контент. Олар 1 аптадан бастап, 1-2 жыл уақыт мерізіміне дейін өзекті бола алады. Тренд қалыптасып қалған дәстүрді бұзып, әр саланың бағытын мүлде басқа жаққа өзгерте алады. Ол уақытша болса да, одан қалыспаған жөн.
 
Көбісі трендты тек мода индустриясымен байланастыруы мүмкін, бірақ бұл терминнің мағынасы әлдеқайда терең. Ол - өндірістік салада қазіргі уақытта қандай тауар ең өзекті, қажетті екенің белгілеп, компанияларды шыңға көтере алады. Ол - сіздің әлеуметтік желілеріңіздегі таспаның қандай бейнеролик, сурет көрсету керектігін шешеді. Трендтың феноменың мойындамау - өз бизнесіңізге үлкен қастандық жасау. 
 
 
Білікті саудагерлер және тәжірибелі кәсіпкерлер дәстүрлі жолмен өз бизнесін дамыта алады, бұл өтірік емес. Бірақ әрі қарай сол бизнесті бір деңгейде ұстау, қалыпты сатылымдарды сақтап қалу ісі қиындайды. Осындай кезеңдерде заманауи маркетологтар айтарлықтай көмектеседі. Олар нарықта болып жатқан жағдайды сипаттап береді және соңғы трендтер тізімін ұсынады. Тіпті кейде ол мамандар дәстүрлі бағытпен қалыптасып қалған басшылардың ойын өзгерту үшін де күреседі. Өйткені олар біледі, құр жіберілген уақыт - артық шығын.
 
Трендтың маңыздылығын түсіндік делік, бірақ оларды шығаратын, қалыптастыратын адамдар кімдер? Оларды біз - трендсеттерлер деп атаймыз. Жоқ, ол белгілі мамандық иелері, атақты тұлғалар ғана емес. Трендсеттерлерге инфлюенсерлер (блогер), дизайнерлер, жұлдыздар, медиа, компаниялар және т.б. жатады. Мысалы, дизайнерлер немесе сол салада өздерін жақсы көрсеткен адамдар мода индустриясына ықпал ете алады. Жаңа киім үлгісі, шаш бояудың жаңа техникасы, тырнақтардың ерекше дизайны арқылы олар аудиториясына бағыт береді. 
 
Ал қазіргі уақытта трендсеттерлердің қатарына кенеттен танымал болып кеткен адамдарда оңай кіре алады. Мысалы, 2020 жылы Tik Tok әлеуметтік желісі карантин уақытында өзінің шыңына көтеріле бастады. Ол жақта қарапайым қолданушылар өзінің жаңадан шығарған биін, өлеңін жүктеп, келесі күні танымал болып ояна алды. Қарапайым бейнероликтер адамдарға сүйікті жұмыс, ауқымды ақша әкеле бастады. Ал аудитория оларды инновациялық идеялары үшін - трендсеттер деп атап кететін.
 
Түйіндей келе, бұл мақалада трендтер және олардың қалыптасуы туралы біраз мағлұматтар берілді. Тренд индустрияны түбегейлі өзгерте алатын, адамдардың ойымен манипуляция жүргізетін ерекше құбылыс. “Мода циклді нәрсе, қайта оралады” демекші, тренд - сол сәтте пайда болып, кейін бірнеше жылдардан кейін қайталана алатын нәрсе.
 
Ғалия АРЕНОВА, 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Журналистика мамандығының 3 курс студенті 
 
Фото: «Canva» қосымшасынан алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT