«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында Исатай ауданының Зинеден ауылдық округінде орналасқан Жеңіс саябағында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында саябақ аумағы толықтай тазартылып, саябақтың ішіндегі және айналасындағы арам шөптер жойылды. Сонымен қатар, аумақтың санитарлық тазалығы қамтамасыз етіліп, қоғамдық орынның көркін жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Мұндай игі шаралардың басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендердің келбетін жақсарту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында өткізілетін сенбіліктер табиғатты қорғауға, қоғамдық орындарды күтіп ұстауға және туған жерге деген жанашырлықты арттыруға бағытталған.

Туған өлкенің тазалығы мен көркеюі – баршаға ортақ міндет. Осы бағыттағы абаттандыру және тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.


