ТҮСІНІК ЖҰМЫСТАРЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

(0 Votes)

Индер ауданы Бөдене ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында арнайы іс-шаралар жо­спары бекітіліп, жүйелі жұмыстар атқарылуда. Тұрғындар арасында санитариялық тазалықты сақтау және абаттандыру қағидаларын түсіндіру мақсатында 220-дан астам тұрғын үй иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ауыл тұрғындарына тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару, аулаларды таза ұстау және қоғамдық орын­дарды күтіп ұстау жөнінде түсіндіру бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді. Ауыл аумағындағы мекемелердің айналасы, ауылішілік көшелер мен кіреберіс жолдар тазартылып, ар­найы техникалардың көмегімен 23 тонна тұрмыстық қатты қалдық белгіленеген қоқыс алаңына шығарылды.

Сенбіліктерге ауыл тұрғындары, жастар және мекеме қызметкерлері белсенді қатысып келеді. Сонымен қатар кәсіпкерлік нысандарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, санитариялық та­лаптарды бұзған тұрғындарға заңнамаға сәйкес ескерту шара­лары қабылданды. Көгалдандыру жұмыстары ая­сында Сырым Датұлы көшесіндегі саябаққа 100 дана және М.Мөңкеұлы көшесіндегі саябаққа 300 дана ағаш көшеті отырғызылған. Сонымен қатар М.Мөңкеұлы көшесіндегі балалар ойын алаңында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Сұңқар Көшеков

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT