«ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ОРТАҚ МЕДИА КЕҢІСТІГІ: ЦИФРЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР»

(0 Votes)

VII Халықаралық түркітілдес журналистер медиафорумы

БАҒДАРЛАМА

15 қыркүйек 2026 жыл

Стамбұл, Түркия

09:00 – 10:00 | Тіркелу және ресми ашылу салтанаты.

Ұйымдастырушылар мен қонақтардың құттықтау сөздері, форумның мақсат-міндеттерімен таныстыру, естелік суретке түсу.

10:00 – 11:00 | 1-ші сессия: «Ақпараттық қауіпсіздік және жаңа интеграциялық модельдер»

• «Түркітілдес мемлекеттердің ортақ ақпараттық кеңістігі: геосаяси ахуал мен стратегиялық мүмкіндіктер».

• «Цифрлық дәуірдегі ықпалдастық: ортақ контентті дамытудағы жасанды интеллект пен жаңа технологиялардың рөлі»

• «Медиатехнологиялар және жаһандық трендтер: түркі әлеміндегі халықаралық хабар тарату стандарттары».

• «Шекарасыз медиа: түркітілдес БАҚ арасындағы трансшекаралық жобалар мен копродукция».

11:00 – 11:30 | Кофе-брейк (Үзіліс)

11:30 – 12:30 | 2-ші сессия: «Ортақ медиа-болашақ: түркі әлемінің білім беру кеңістігіндегі ынтымақтастығы және цифрлық серіктестік»

• «Түркі мемлекеттерінің білім министрліктері арасындағы медиа-ынтымақтастық: ортақ білім беру стандарттары мен академиялық ұтқырлық».

• «Түркітілдес университеттердің желілік альянсы: бірлескен қос дипломдық бағдарламалар және ғылыми-зерттеу жобалары».

• «Түркі әлемі журналистикасындағы жасанды интеллект (AI): білім беру бағдарламаларын заманауи трендтерге сай трансформациялау».

• «Тәжірибе алмасудың жаңа форматы: Түркітілдес БАҚ өкілдеріне арналған резиденциялар мен трансшекаралық тағылымдамалар».

12:30 – 14:00 | Түскі ас

14:00 – 15:00 | 3-сессия: «Ұлы Жібек жолының жаңа тынысы: туризмдегі түркі бренді»

• «TURKIC BRAND: біртұтас цифрлық бренд қалыптастырудың стратегиялары».

• «Мәдени дипломатия: түркі елдеріндегі этнотуризм мен экотуризм».

• «Этноспорт және Дүниежүзілік көшпенділер ойындары».

• «Креативті индустрия: түркі елдерінің құндылықтарын әлеуметтік желілерде трендке шығару (Storytelling және Viral PR)».

15:00 – 15:30 | Кофе-брейк (Үзіліс)

15:30 – 16:30 | 4-сессия: «Өңірлік медианың экономикалық иммунитеті: қаржыландырудың жаңа модельдері»

• «Дәстүрлі БАҚ-тың цифрлық трансформациясы: гибридті бизнес-модельдер арқылы қаржылық тұрақтылық».

• «Цифрлық дәуірдегі жарнама нарығы: өңірлік медиа үшін Programmatic және мақсатты жарнама (Targeted Ads) құралдары»

• «Экожүйелік тәсіл: жергілікті бизнеспен кооперация және мақсатты аудиторияны монетизациялау».

• «Қаржылық тәуелсіздік стратегиясы: медиаменеджмент».

16:30 – 17:30 | Медиафорумның салтанатты жабылуы. Марапаттау рәсімі.

Түркі әлемінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаларды арнайы марапаттау салтанаты. Форумды қорытындылау және VII Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумының Қарарын қабылдау.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT