Тоғыз айда өңір тұрғындарына 53 млн теңге қайтарылды

(0 Votes)

Есепті кезеңде департаментке 2 635 өтініш келіп түскен. Олардың басым бөлігі бөлшек сауда, электрондық сауда және туризм қызметтеріне қатысты.

– Өтініштерді қарау нәтижесінде 53 млн 4 мың 490 теңгеге тұтынушылардың құқықтары қорғалды. Олардың 59 пайызы қанағаттандырылды. 570 өтініш бойынша азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, 308 өтініш құзырлы мемлекеттік органдарға жолданды, – деді Атырау облысы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Самат Емберген.

Түскен шағымдардың ішінде бөлшек саудаға қатысты 961, электрондық сауда бойынша 611, туризм қызметтеріне қатысты 135 өтініш тіркелген.

Сондай-ақ жыл басынан бері департамент тарапынан 31 тексеру жүргізілген. Оның 19-ы жоспардан тыс тексеру, 12-сі профилактикалық бақылау. Нәтижесінде 13 кәсіпкерлік субъектісіне жалпы сомасы 1 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Бұдан бөлек «Сапалы өнім» жобасы аясында қоғамдық ұйымдар зертханалық сараптамаға 126 түрлі өнім жолдаған. Зерттеу нәтижесінде өнімдердің барлығында заңбұзушылық анықталды. Оның 118-інде таңбалауға қатысты, 12-сінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бойынша кемшілік табылған.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT