Тегін дәрі жетіспесе не істеу керек?

(0 Votes)

Атырау облысында емханалардағы тегін дәрі-дәрмек қоры жеткілікті және тұрақты бақылауда. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мурат Курбанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, мемлекет есебінен берілетін дәрі-дәрмектер қоры үздіксіз толықтырылып отырады және олардың таусылуына жол берілмейді.

— Емханаларда тегін дәрі-дәрмек ешқашан таусылмайды. Егер қандай да бір медициналық ұйымда белгілі бір дәрі уақытша болмай қалса, оны көршілес емханадан алуға болады. Бұл мәселе толық бақылауда, — деді басқарма өкілі.

Айта кетейік, Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек белгілі бір санаттағы азаматтарға беріледі. Олардың қатарында балалар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, мүгедектігі бар азаматтар және созылмалы аурулары бар науқастар бар. Тегін дәрі алу үшін азаматтар тіркелген емханадағы дәрігерге қаралып, тиісті рецепт алуы қажет. Дәрі-дәрмектер бекітілген тізімге сәйкес ұсынылады.

Нұргүл Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT