Тазалық мәселесі күн тәртібінен түспеуге тиіс

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» бастамасы – жай ғана сенбілік немесе қысқа мерзімді науқан емес. Бұл – қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды идеологиялық жоба. Атырау өңірінде аталған акцияның сәтті жүзеге асуы тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығы мен азаматтық жауапкершілігінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ халқы ежелден табиғатты аялауды, туған жердің тазалығын сақтауды ұлт тәрбиесінің бір бөлігі санаған. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген ұстаным мен айналаны таза ұстауға қатысты дәстүрлер – халқымыздың өмір салтының ажырамас бөлігі болған. Сондықтан бүгінгі «Таза Қазақстан» бастамасы ұлттық құндылықтармен сабақтасып жатқан игі іс деп бағалануы тиіс.

Атырауда бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жүргізілуі өңірдің келбетін жақсартып қана қоймай, жас ұрпақтың бойында еңбекқорлықты, жауапкершілікті және экологиялық сананы қалыптастыруға ықпал етеді. Тазалық мәдениеті бір күндік шарамен шектелмеуі керек. Ол әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналғанда ғана қоғамда нақты нәтижеге қол жеткіземіз.

Сондықтан тазалық мәселесі күн тәртібінен ешқашан түспеуге тиіс. Таза қала, таза ауыл – өркениетті қоғамның белгісі. Бұл іске мемлекетпен қатар әрбір тұрғынның белсенді қатысуы – туған жердің болашағына қосылған нақты үлес.

Шахман Нағымұлы,
тарихшы-ғалым

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT