Тазалық – күнделікті қалыптасатын мәдениет

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» – бұл тек экологиялық бастама ғана емес, еңбек адамдарының ортақ жауапкершілігін арттыратын маңызды қоғамдық қозғалыс. Өндіріс саласында еңбек етіп жүрген азамат ретінде тазалық пен тәртіптің қай жерде де қауіпсіздік пен сапаның негізі екенін жақсы білемін. Теміржол саласында әрбір жұмыс орнының, өндірістік аумақтың таза әрі ұқыпты болуы – еңбек мәдениетінің басты көрсеткіші.

Атырау облысында жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығын күшейтіп, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып келеді. Әсіресе жастардың, еңбек ұжымдарының және еріктілердің бұл іске белсенді араласуы қоғамдағы оң өзгерістердің айқын көрінісі деп есептеймін.

Тазалық – бір күндік сенбілікпен шектелетін жұмыс емес. Ол күнделікті қалыптасатын мәдениет. Әрбір адам өз ауласынан, жұмыс орнынан, көшесінен бастап тазалыққа үлес қосса, өңіріміздің көркі де артып, келешек ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдырамыз.

Президент бастамасымен қолға алынған бұл игі істің өміршең болуы – әрбір азаматтың белсенділігіне байланысты. Сондықтан тазалық мәселесі әрдайым қоғам назарында болуы тиіс. Бірлігіміз бекем болып, ортақ іске жұмыла білсек, Атырауымыздың да, Қазақстанымыздың да келбеті бұрынғыдан да көркейе түсетініне сенімдімін.

Саламат Қадырбекұлы,
Мақат қалпына келтіру пойызының бастығы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT