Қоршаған ортаны қорғау – еліміздегі өзекті мәселелердің қатарына жатады. Себебі, табиғат байлықтарын сақтау - жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтардың өмірі мен қызметін, мемлекеттердің тұрақты экономикалық дамуының және әл-ауқатын арттырудың негізі болып саналады. және бұл жағдайға қатысты елімізде көптеген шаралар қолға алынып, жүзеге асырылып келеді.
Ауданда “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Санитарлық тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында өткен акцияға ауданға қарасты мекемелер мен ұйымдар белсенді атсалысты.

Акцияға қатысушылар өздеріне белгіленген аумақтар мен полигон маңын қоқыстан тазартып, тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға жеткізді.Бұл жұмыстарға «Таза Мақат» коммуналдық мекемесінен барлығы 11 техника жұмылдырылған болатын.
Жалпы, қоршаған ортаға қатысты ұйымдастырылған шаралар арқылы халықтың экологиялық білімі мен мәдениеті қалыптасары сөзсіз. Сонықтан, тазалық мәселесі қашанда алдыңғы орында. Бүгінгі сенбілік жұмыстарына аудан жастары ретінде белсене қатысып, бізге бөлінген аумақтарды қоқыстардан тазарттық. «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, ауданымыздың тазалығына жауапкершілкпен қарау - баршамыздың ортақ міндітіміз», - дейді аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ботакөз Асхатқызы.
Айта кетейік, сенбілік жұмыстары әр апта сайын тұрақты түрде жалғасатын болады.
Ә.ҚАСЫМ

