«Таза жағалау» экологиялық акциясы өткізілді

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында Аққыстау ауылдық округінде «Таза жағалау» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға мекемелер мен кәсіпорындардан 45 адам және 4 техника жұмылдырылды.

Акция барысында Бақсай-Нарын каналдарының жағалаулары қоқыстан тазартылып, қоршаған ортаның тазалығы мен көркін жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Қатысушылар табиғатты қорғау, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолында белсенділік танытты.

Мұндай игі бастамалар туған жердің тазалығын сақтауға және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

Таза жағалау – ортақ жауапкершілік, келер ұрпаққа аманат!

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT