10 қазан күні Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мекеме аулалары тазартылып, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында жұмыстар жүргізілді.
Тазалық – ортақ міндет, ал туған жердің көркеюі әр азаматтың белсенділігіне байланысты. «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы осындай игі істер ауылдың ажарын ашып қана қоймай, қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттыруға ықпал етеді.
Кәмшат Әбіш


