Таза табиғат, таза ауа және қоршаған ортаны сақтау – тек міндет емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Ал, әр еріктінің еңбегі – еліміздің көркеюіне және болашағына қосқан үлесі.
Бүгінде ауданымыздағы жастар мен еріктілер табиғатты қорғап, қоршаған ортаны таза ұстауда белсенділік танытуда. Ағаш отырғызу, апта сайынғы сенбілік, суды үнемді пайдалану – олардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.
Сондықтан, бірлікте жасалған әр іс – ауданымызды көркем, таза және гүлденген ортаға айналдыруға жол ашатын маңызды қадам деп білемін.
Б.Қасымова,
аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы

