Таңдай ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Игі іске ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, елді мекен аумағын ретке келтіруге өз үлестерін қосты.
Тазалық шарасына «Таза Махамбет» мекемесінің жұмысшылары да атсалысып, ауыл көшелері мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, жол жиегі, саябақ маңы және тұрғын үйлердің айналасы ретке келтіріліп, қоршаған ортаның тазалығына ерекше көңіл бөлінді.
Аталған акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстап, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Таза ауыл – тұрғындардың денсаулығы мен жайлы өмір сүруінің кепілі. Сондықтан ауыл тұрғындары мұндай шараларға белсенді қатысып, туған жердің тазалығына бейжай қарамауға шақырылады.
Өз тілшіміз



