Туған жердің көркеюі әрқайсымыздың оған деген жанашырлығымызға байланысты. «Таза Қазақстан» жобасы осы жауапкершілікті күшейтіп, халықты ортақ іске жұмылдырып отыр. Атырауда соңғы уақытта көгалдандыру, абаттандыру және тазалық жұмыстарының қарқыны артып келеді. Мұның бәрі өңірдің келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасына да оң әсер етеді.
Табиғат – бізге аманат. Сондықтан оны қорғау мен таза ұстау әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Балаларға тазалық мәдениетін сөзбен емес, өз ісімізбен көрсетуіміз керек. Сонда ғана келешек ұрпақ табиғатты қадірлейтін болып өседі.
«Таза Қазақстан» – тек экологиялық жоба емес, қоғамның мәдениетін көтеретін маңызды қадам. Осындай игі бастамалардың нәтижесі ұзақ жылдар бойы ел игілігіне қызмет етеді деп сенемін.
Айдос Жанұзақов,
Атырау қаласының тұрғыны

