"Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау" ақпараттық жүйесі - халық денсаулығының цифрлық қалқаны

(0 Votes)

Бүгінде барлық сала цифрландырылуда. Соның ішінде халық денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқаратын “Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау" (СЭҚ) ақпараттық жүйесі іске қосылды.

Бұл жүйе не үшін қажет?
Бұрын санитариялық тексерістер, арыз-шағымдар, зертханалық қорытындылар қағаз жүзінде жүргізілетін. Енді барлығы бір жүйеде, онлайн түрде бақыланады.

Жүйенің негізгі мүмкіндіктері:
1. Кәсіпкерлерге берілетін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар электронды түрде беріледі.
2. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерістердің ашықтығы қамтамасыз етіледі.
3. Азық-түлік, су, балалар мекемелерінің қауіпсіздігі онлайн бақыланады.
4. Тұрғындардан түскен арыз-шағымдар жедел қаралады.
5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі азаяды - адам факторы жойылады.

Кәсіпкерлер үшін пайдасы:
Уақыт үнемделеді, құжат өткізу үшін мекемеге келудің қажеті жоқ. Барлығы eGov арқылы, үйден немесе кеңседен отырып рәсімделеді.

Халық денсаулығы - басты байлық! Ал оның қауіпсіздігін цифрлық жүйе арқылы қамтамасыз ету - біздің басты міндетіміз.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT