САҒЫЗ АУЫЛЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы және «Қауіпсіз үй» ЖПІШ аясында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық әкімдігімен бірлесіп, Сағыз полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Б. Жаңаев Сағыз ауылында абаттандыру қағидаларының сақталуына бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында ауыл аумағында абаттандыру қағидаларын бұзған тұрғындармен түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Ауыл тазалығы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Өзіміз тұратын ортаны таза ұстау, абаттандыру қағидаларын сақтау және қоғамдық орындарға ұқыпты қарау – әрбір азаматтың міндеті. Тазалықты сақтап, ауылымыздың көркеюіне бірге үлес қосайық!

Өз тілшіміз

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT