2026–2027 оқу жылына дайындық аясында әлеуметтік осал санаттағы оқушыларды мектеп формасымен, аяқ киіммен және оқу құралдарымен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік қолдау шаралары басталды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Биыл көмек алатын отбасының әлеуметтік жағдайы цифрлық жүйелер арқылы бағаланып, мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтер азаматтардан қайта талап етілмейді.
-Мемлекеттік қолдау атаулы әлеуметтік көмек алатын және табысы төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған өзге де білім алушыларға көрсетіледі, – деді облыстық Білім беру басқармасының бас маманы Қадыржан Сапаров.
Әлеуметтік қолдау алу үшін ата-аналар қажетті мәліметтің барлығын білім беру ұйымдары арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ала алады.
Сонымен қатар мемлекеттік мектептердің барлық бастауыш сынып оқушылары әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

