№49 жалпы білім беретін «Келешек» мектебінің 7 «Б» сынып оқушысы Ерсайын Исмаил Lira бағдарламасы аясында өткен жүзу жарысында үздік нәтиже көрсетіп, І орынға ие болды.
Бұл жеңіс – жас спортшының тынымсыз еңбегі, табандылығы мен спортқа деген ерекше ынтасының жемісі. Ерсайын жарыс барысында жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, қарсыластарынан озық шықты.
Мектеп ұжымы жас жеңімпазды айтулы жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда да жеңіс тұғырынан көріне беруіне, жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдіреді.


