Мақат ауданында 13 отбасыға жаңа үйдің кілті табысталды. Бюджет қаражаты есебінен сатып алынған баспаналардың бесеуі әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға берілсе, сегіз отбасы апатты тұрғын үйлерден көшірілді, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жаңа үйлер Мақат кентіндегі «Болашақ» ықшамауданынан берілді.
Салтанатты жиында аудан әкімі Азамат Мәмбетов жаңа қоныс иелерін құттықтап, отбасыларына амандық пен шаңырақтарына береке тіледі.

– Жаңа баспаналарыңыз құтты болсын! Тұрғындарды баспанамен қамту – аудан әкімдігі жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады, – деді Азамат Мәмбетов.


