Атырауда журналистика ардагері, "Прикаспийская коммуна" облыстық газетінің 1996–2002 жылдардағы бұрынғы бас редакторы Любовь Монастырская республикалық референдумға қатысып, №42 учаске бойынша үйінде дауыс берді.
Учаскелік комиссия мүшелері көшпелі жәшікпен келіп, оның дауысын белгіленген тәртіпке сәйкес қабылдады.
Любовь Монастырскаяның айтуынша, елдегі маңызды саяси науқандарға қатысу — оның өмірлік ұстанымдарының бірі.
— Бүгін біз үшін қуанышты күн. Қанша жылдан бері өмір сүріп келемін, сонша уақыт бойы сайлауларға қатысып келемін. Әрбір азамат өз пікірін білдіруге — «қолдаймын» немесе «қарсымын» деп айтуға мүмкіндік алғанына қуануы керек. Менің ойымша, бұл жай сөз емес, әрбір дауыс нақты нәтижеге әсер етеді, — деді ол.
Айта кетейік, денсаулығына байланысты немесе өзге де себептермен учаскеге келе алмайтын азаматтар үшін үйде дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.

