Үрімші қаласында өткен халықаралық семинарда зерделенген үздік тәжірибелер енді «Келешек мектептерінің» жұмысына кезең-кезеңімен енгізілмек.
Жоспарға сәйкес, мектептерде жасанды интеллект технологияларын пайдалану, білім беру ұйымдарын цифрлық басқару жүйелерін жетілдіру және қазақстандық-қытайлық білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты дамыту көзделіп отыр.
Бұл бастама Оқу-ағарту министрлігінің педагогтердің цифрлық құзыреттерін дамыту және білім беру сапасын халықаралық тәжірибе арқылы арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік береді.


