Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Құрманғазы ауданында бейнебақылау жүйесінің мүмкіндіктері кеңейтілуде.
Қазіргі таңда аудан аумағында 72 бейнебақылау камерасы толық іске қосылып, тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп тұр. Камералар көшелер мен қоғамдық орындардағы жағдайды тұрақты бақылауға мүмкіндік береді.
Бейнебақылау жүйесі қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және орын алған оқиғаларға жедел ден қою бағытында маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етеді.
Барлық бейнебақылау камералары полицияның кезекші бөліміне тікелей қосылған. Бұл өз кезегінде құқық қорғау органдарына жағдайды онлайн режимде бақылап, қажетті жағдайда оқиға орнына жедел топтарды бағыттауға мүмкіндік береді.
Бейнебақылау жүйесінің тиімді қолданылуы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық орындардағы тәртіпті нығайтуға және құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге мүмкіндік беріп отыр.
Құрметті Құрманғазы ауданының тұрғындары!
Қоғамдық қауіпсіздік – баршаға ортақ міндет. Осыған байланысты заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.


