Іс-шараға Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурасының, Украина және Өзбекстан ішкі істер органдарының өкілдері, сондай-ақ Интерполдың Ұлттық орталық бюроларының басшылары және Қазақстан Республикасы ІІМ-нің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі аумақтық бөліністерінің жетекшілері қатысты.
Кездесу барысында азаматтарды есірткі қылмысына тартудың заманауи тәсілдері, оның ішінде интернет-ресурстар мен мессенджерлерді пайдалану арқылы заңсыз табыс табуды ұсынып, азаматтарды есірткі жасырушы ретінде және есірткі зертханаларының қызметіне тарту фактілері талқыланды.

