Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың наурыз айының 10-13 аралығында Атырау ст. ЖПБ-нің Ганюшкин станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызмет көрсету аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында “Құқықтық тәртіп” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс- шараның мақсаты- жедел жағдайлы тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және темір жол бойындағы жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау.
Жедел- профилактикалық іс- шара аясында бөлімшенің барлық жеке құрамы қызмет көрсету аумағы бойынша қоғамдық тәртіпті оның ішінде жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтармен қылмыстардың алдын алу, жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

