Құқықтық сауаттылық басты назарда

(0 Votes)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшылығымен Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасы Конституциясы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының нормаларын түсіндіру мақсатында кездесулер өткізілді.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі – заңдылық қағидаты болып табылады.

Осы орайда, іс-шара өткізу барысында Департамент басшылығы жаңа 

Заңның мемлекеттік қызмет жүйесіне енгізген негізгі өзгерістері мен жаңашылдықтарына жан-жақты тоқталды.

Атап айтқанда, жаңа Конституция құндылықтарын мемлекеттік қызметке орнықтыру; сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың маңыздылығы; адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын нығайту; мемлекеттік қызметке кіру; мінсіз бедел институты; ерте кәсіптік даярлау институты; мемлекеттік қызметтің кәсібиленуі; мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері; қызметтік әдеп талаптары бойынша түсіндірмелер берілді. 

ҚР МҚІА 

Атырау облысы бойынша департаменті 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT