Кітап оқуды дәстүрге айналдырған отбасы

(0 Votes)

Ғ. Сланов атындағы орталық кітапхананың тұрақты оқырмандарының бірі — Мұхамбеталиевтер отбасы.

Кітап оқуды отбасылық дәстүрге айналдырған жанұя үшін кітапханаға бару және бірге кітап оқу — күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі. Мұхамбеталиевтер отбасы қазақ әдебиетін, ертегілерді және рухани дамуға бағытталған шығармаларды оқуға ерекше мән береді. Олардың пікірінше, кітап оқу — адамның ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, баланың білімге деген қызығушылығын арттырып, болашағын біліммен байланыстыруға жол ашады.

«Кітап оқуды өзімізге салт, әдет етіп үйреттік. Балаларымыздың рухани дамуына, ойлау қабілетін жетілдіруіне және білімге ұмтылуына кітаптың берері мол», — дейді олар. 

Мұхамбеталиевтер отбасы барша жанұяны кітап оқуды дәстүрге айналдырып, кітапхананың отбасылық оқырманы болуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT