«Келешек мектептерінің» директорлары Қытайда иректорлары Қытайда тәжірибе алмасты

(0 Votes)

«Келешек мектептері» жобасының 50-ге жуық директоры Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласында өткен «Жасанды интеллект технологияларын білім беру жүйесінде қолдану» халықаралық семинарына қатысты.

Олардың қатарында Атыраудағы №49 мектеп директоры да бар. Семинар барысында қатысушылар білім беру ұйымдарын басқарудың заманауи тәсілдерімен танысып, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын оқу процесіне енгізу тәжірибесін зерделеді.

 Сонымен қатар қытайлық мектептер мен жоғары оқу орындарының өзара ынтымақтастық үлгілері талқыланды.

 Іс-шара педагогтердің цифрлық құзыреттерін арттыруға және халықаралық тәжірибені қазақстандық білім беру жүйесіне енгізуге бағытталды.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT