«Келешек» мектебінің алғашқы түлегі білім ордасы туралы әсерімен бөлісті

(0 Votes)

Атырау қаласындағы №48 «Келешек» жалпы орта мектебінің алғашқы түлегі әрі алғашқы Мектеп Президенті Малика Артурқызы білім ордасы туралы жүрекжарды ойымен бөлісті.

Оның айтуынша, №48 «Келешек» мектебі – тек сапалы білім беретін оқу орны ғана емес, тұлғалық қалыптасуға, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға мүмкіндік беретін ерекше орта.

– Мектебім туралы айта бастасам, айтары мол, жүрекке жақын естеліктер жетерлік. №48 «Келешек» мектебі – мен үшін тек білім ордасы ғана емес, тұлға болып қалыптасуыма жол ашқан, ерекше орын алатын қасиетті шаңырақ. Осы білім ордасының алғашқы түлегі әрі алғашқы Мектеп Президенті атану – мен үшін үлкен мәртебе және зор жауапкершілік. Бұл сенім мен тәжірибе әрдайым мақтанышым болып қала береді, – дейді Малика Артурқызы.

Бүгінде №48 «Келешек» мектебі оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, біліммен қатар көшбасшылық, шығармашылық және қоғамдық белсенділік дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Мектеп түлектерінің білім ордасына деген ыстық ықыласы мен құрметі оқу орнының сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі нәтижелі жұмысының айқын көрінісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT