Қала аумағында “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және қаланың келбетін жақсарту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда, пайдаланылмай тұрған электр бағаналары алынып, аумақтарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар күнделікті қала аумағын қоқыс қалдықтарынан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алдағы уақытта да қала аумағында санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары жалғасын табады.

