Индербор кентінің қоқыс полигоны маңындағы мәселе соңғы жылдары көпшіліктің алаңдаушылығын тудырып отыр. Әсіресе, қоқыс полигонынан ұшқан қағаз, целлофан қалдықтары желмен ұшып, кентке дейінгі алқап жайрап жатыр. Осы орайда жұма күні барлық мекеме қызметкерлері жұмылып, ауқымды сенбілік өткізілді.
Индер ауданы әкімінің орынбасары Артур Мурзин өзі бастап, барша мекеме ұжымдардың қызметкерлері қоштап, ескі ДСУ маңынан қоқыс полигонна дейінгі далалық алқаптағы шашылған қалдықтарды жинап шықты. Сенбілікке арнайы бірнеше техника тартылып, жиналған қалдықтар шығарылды.
Индербор кенті Шалқар Алмурзиевтың айтуынша, биылғы көктемгі сенбілікте негізінен осы қоқыс полигон маңы мен Жайық жағалауына басымдық берілетіндігін айтып өтті.
С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ


