Болат Ақшолақов Құттығай батыр көшесінің реконструкциясын 25 тамызға дейін аяқтауды тапсырды

(0 Votes)

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Құттығай батыр көшесіндегі автокөлік жолын қайта жаңарту жұмыстарының жағдайымен танысты.

Жоба аясында ұзындығы 647 метр учаскені қайта жаңартып, жалпықалалық маңызы бар төрт жолақты магистральды көше салу көзделген. Бүгінде жолдың асфальтбетон жабынының астыңғы қабаты төселіп, үш теміржол өткелі қайта салынуда.

Аймақ басшысы құрылыс алаңын аралап шығып, жұмыс қарқынының бәсеңдігін және нысандағы жұмысшылар санының жеткіліксіздігін сынға алды.

— Құрылыс қарқыны алға қойған міндеттерге сай емес. Жұмысшылар мен техника санын көбейтіп, құрылыс-монтаждау жұмыстарын 25 тамызға дейін толығымен аяқтайтындай етіп ұйымдастыру керек. Кесте сақталмаған жағдайда заңға сай жауапкершілікке тартылуларыңыз әбден мүмкін, — деді Болат Ақшолақов.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT