Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов азаматтарды жеке қабылдады. Кездесу бекітілген кесте бойынша алдын ала жазылу және кезек ретімен өтті.
Қабылдауға келген өңір тұрғындары аймақ басшысына баспана, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, жер қатынастары, әлеуметтік нысандардың құрылысы және мал сойғаннан кейінгі биологиялық қалдықтарды утилизациялау мәселелеріне қатысты сауалдар жолдады. Әр өтініш бойынша түсініктеме беріліп, салалық мемлекеттік органдардың басшылары мен аудан әкімдеріне тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.
Болат Ақшолақов берілген тапсырмалардың орындалуын жеке бақылауда ұстауды, өтініш иелерін мәселенің қаралуы мен нәтижелер жайында уақытында хабардар етуді жүктеді.




