Білім күні қарсаңында «Жас сақшыларға» қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

(0 Votes)

«Жас сақшы» полиция сыныптарын құрудың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және мектеп ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Сонымен қатар, полиция қызметінің маңызын жасөспірімдерге кеңінен таныстырып, адалдық пен жауапкершілікті дәріптеу көзделген. 

1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Аманкелді Измағанбетов және Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы полиция майоры Талғат Исаев Шалқар Ақымғалиев атындағы «Жас сақшы» полиция сыныбының оқушыларымен кездесті. Полиция басшылығы жас сақшыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім жолында табыс пен сәттілік тіледі. 

Кездесу барысында оқушыларға жол қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті сақтау, буллинг пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Жас сақшыларға тәртіпті сақтап, әрдайым жауапкершілік танытып, өз қатарластарына үлгі болу қажеттігі айтылды.

 

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT