27–29 сәуір күндері аралығында республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында Атырау–Астрахань тас жолы бойында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері бірқатар өрескел әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жүргізушілерді анықтады.
Мәселен, полицейлер 28 сәуір күні сағат 18:00 шамасында «ВАЗ-2110» маркалы автокөлігі апаттық жағдай тудырғаны үшін тоқтатты. Тексеру кезінде оның мас күйде екені анықталып, Атырау облыстық наркологиялық сараптамадан өткізілді.
Нәтижесінде жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Қазіргі уақытта жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Осыған орай, барлық жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.

