Атырауда Құрылысшылар күніне орай үздік сала мамандары марапатталды

(0 Votes)

Атырауда Құрылысшылар күніне арналған салтанатты шара өтіп, өңірдің құрылыс саласының дамуына үлес қосқан үздік мамандар марапатталды. Кәсіп иелеріне Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің төсбелгілері, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, сондай-ақ Атырау облысы әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

 Салтанатты жиында Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов құрылысшылар мен сала ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жүрген еңбегін жоғары бағалады.

 “Құрметті құрылысшылар, сала ардагерлері! Баршаңызды Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің еселі еңбектеріңіздің арқасында өңірімізде жаңа тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, жолдар мен инженерлік инфрақұрылым бой көтеріп келеді. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін.” - деді облыс әкімі.

Іс-шара театрландырылған қойылым және мерекелік концертпен жалғасып, кеш барысында жергілікті өнерпаздар мен «Заман» тобы өнер көрсетті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT