Атырауда көкөніс қоры 10 мың тоннадан асты

(0 Votes)

Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары күшейтілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Өңірде маусымаралық кезеңге арналған, көлемі 10 мың тоннадан асатын тұрақтандыру қоры жасақталды. Мұнда 4900 тонна картоп, 1 600 тонна сәбіз, 2 100 тонна пияз, 1 100 тонна қырыққабат және 260 тоннадай ет бар.

Облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Азат Қапановтың айтуынша, бұл мөлшер халықты азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз етуге жеткілікті. 2025 жылмен салыстырғанда картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат және ет бойынша қамтылу деңгейі 150 пайызды құрайды.

Өнімдер облыстағы 23 сауда нүктесінде нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағамен сатылуда. Қазіргі уақытта «Атырау» ӘКК қолдауымен ашылған павильондарда картоптың келісі 180 теңгеден, пияз 131 теңгеден, сәбіз 152 теңгеден, ал қырыққабат 142 теңгеден ұсынылуда.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары «Марко» супермаркеттерінде сатылып жатыр. Жақын уақытта бұл бастамаға «Клубничный рай» дүкендер желісі де қосылады.

Маусымаралық кезеңге арналған тұрақтандыру қоры өңірдегі шаруа қожалықтарымен бірлесіп қалыптастырылуда. Тауар өндірушілер және сауда орындарымен келісімшарттар жасалып жатыр. Сонымен қатар қала мен аудандарда апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, өнімдер төмендетілген бағамен ұсынылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

Референдум 2026