Атырауда дәстүрлі садақ атудан «ALTYN ORDA» Әлем кубогы басталды

(0 Votes)

Бүгін, 12 қыркүйекте Атырау қаласында дәстүрлі садақ атудан «ALTYN ORDA» Әлем кубогының салтанатты шымылдығы түріледі.

Ауқымды халықаралық додаға Қазақстанның ең үздік 100-ден астам мергені және әлемнің 20 елінен (Түркия, Жапония, Франция, Ұлыбритания, БАӘ, Италия, Малайзия, Таиланд және т.б.) келген 100-ден астам шетелдік спортшы қатысуда.

Жарыстың басты мақсаты - ұлттық спорт түрі — дәстүрлі садақ атуды кеңінен насихаттау және оның дамуына серпін беру. Спортшылардың кәсіби шеберлігін арттырып, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Өңірдегі ішкі және спорттық туризмді өркендету. Бес күнге созылатын жарыс барысында спортшылар бірнеше бағыт бойынша жүлделі орындарды сарапқа салады. Төрелік ету жұмыстарын тәжірибелі халықаралық мамандар жүргізеді.

Сайыс аясында шетелдік меймандар үшін Атырау облысының тарихи-мәдени мұрасымен танысу бағдарламасы ұйымдастырылады. Қонақтар ортағасырлық «Сарайшық» тарихи-мәдени музей-қорығына барып, өңір тарихымен жақынырақ танысады.

 Іс-шара 12–15 қыркүйек аралығында өтеді. Кешкі 18.30-да салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT