Атырауда 2674 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

(0 Votes)

Көмектің басым бөлігі шартты ақшалай түрінде беріліп, ол үшін 84,5 миллион теңге бөлінген. Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік нормативтер және әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы Жанар Хайсенова айтты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Атап айтқанда, 315 отбасыдағы 2010 адам шартты көмек алса, 132 отбасыдағы 670 адамға шартсыз ақшалай көмек тағайындалған. 

- АӘК алушылардың басым бөлігі 18 жасқа дейінгі балалар. Шартты ақшалай көмек алушылардың арасында еңбекке қабілетті 494 адам бар. Оның ішінде 36 жұмыссыз азамат жұмыспен қамту шараларына тартылып, 19-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды, - деді Жанар Хайсенова. 

Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алатын 376 отбасыдағы 757 балаға қосымша төлем қарастырылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT