Атырауда 25 мыңға жуық оқушы қосымша тегін білім алады

(0 Votes)

Атырау облысында Lira порталы арқылы балаларды тегін қосымша біліммен қамту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта портал арқылы 200-ге жуық қызмет көрсетуші 24 719 баланы тегін курстармен қамтамасыз етіп отыр. Оның ішінде 140-ы спорттық бағытта, ал 58-і мәдениет саласында қызмет көрсетеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жоба аясында балаларды спорттық, мәдени және шығармашылық үйірмелерге тіркеу, сондай-ақ мемлекеттік қаржыландырудың ашықтығын бақылау мүмкіндігі қарастырылған.

Облыстық білім басқармасының басшысы Марат Әбуовтің айтуынша, Lira цифрлық порталы толыққанды жұмыс істеп тұр.

– Балаларға қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында қызмет көрсететін мекемелерді қаржыландыруға қатысты барлық үдерістер осы портал арқылы жүзеге асырылады, – деді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT