Өткен жылы Атырау облысы аумағында анықталған рұқсатсыз қоқыс орындарының басым бөлігі толық тазартылды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жүргізген ғарыштық түсірілім нәтижесінде облыс бойынша 40 рұқсатсыз қоқыс орны анықталған. Оның ішінде 19-ы Атырау қаласында, 13-і Жылыой ауданында, 7-і Махамбет ауданында және 1-і Мақат ауданында орналасқан.
Бүгінде 35 орын толық тазартылып, жойылды. Бұл - анықталған нысандардың 87%-ы. Қалған 5 орын Атырау қаласындағы жеке сектор аумағында орналасқан.
Көрсетілген деректер бойынша 7 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 285 070 теңге айыппұл арқалады. Сонымен қатар «Mebel City» цехына 196 600 теңге айыппұл салынып, өндірілді.
- Ғарыштық және дрондық мониторинг рұқсатсыз қалдық орналастыру деректерін нақты анықтауға мүмкіндік берді. Біз бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырамыз. Алға әкімдіктермен бірлесіп, барлық анықталған орындарды толық жою міндеті қойылған, - деді экология департаментінің басшысы Асқар Жүсіпов.

