Атырау облысы «Жер сағаты» халықаралық акциясына қосылды

(0 Votes)

28 наурыз күні Қазақстан жаһандық экологиялық қозғалыстың бір бөлігі ретінде «Жер сағаты» акциясына қатысты. Кешкі сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл ел бойынша жарық бір сағатқа сөндіріліп, табиғатты қорғау мәселесіне назар аударылды. 2026 жылғы акцияның тақырыбы — экотуризмді дамыту.

Дәстүр бойынша дәл сағат 20:30-да үйлерде, кеңселерде және көшелерде жарық өшіріліп, ғимараттардың сыртқы жарықтандыруы тоқтатылды. Бұл — табиғи ресурстарды үнемдеудің символдық белгісі.

Жыл сайын акцияға 180 елден 2 миллиардтан астам адам және 7000-нан аса қала қатысады. Биыл ол әлемде 19-шы рет, ал Қазақстанда 17-ші рет өткізілді. Атырау облысында акцияға тұрғындармен қатар мемлекеттік мекемелер, әкімдіктер және ірі кәсіпорындар қосылды.

Олардың қатарында: Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысының энергетика және ТҮКШ басқармасы, Атырау облысының білім басқармасы, Атырау қаласы әкімдігі, Атырау облысы бойынша мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Махамбет ауданы әкімдігі, Қызылқоға ауданы әкімдігі, Мақат ауданы әкімдігі, Құрманғазы ауданы әкімдігі, Индер ауданы әкімдігі, Жылыой ауданы әкімдігі, Исатай ауданы әкімдігі, Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы, Атырау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, сондай-ақ өңірдегі ірі компаниялар да қосылды.

Акция аясында мекемелер мен кәсіпорындар сыртқы жарықты өшіріп, энергия тұтынуды азайтты. Атырау облысының тұрғындары да бір сағатқа жарық пен электр құрылғыларын сөндіріп, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосты.

Нұргүл Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT