Атырау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне Еркеназ Қалижан тағайындалды. Еркеназ Еркінқызы 1998 жылғы 4 қазанда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Мақаш ауылында дүниеге келді. 2004-2016 жылдары Ә.Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебінде білім алды.
2016-2020 жылдары Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқып, “Филология: қазақ тілі” мамандығын игерді.
Еңбек жолын 2020 жылы Құрманғазы аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетінде II санатты тілші болып бастады. 2024 жылы облыстық «Атырау» газетіне арнаулы тілші болып қабылданды. 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап күні бүгінге дейін atr.kz сайтының тілшісі қызметін атқарып келді.
Облыстық және республикалық мүшайралар мен байқаулардың жүлдегері. Оның қаламынан туған өлеңдері түрлі антологиялық жинақтарда және мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған. «Жарқыл», «Тарту» кітаптарының авторы.
Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.



