Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен елордада барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтті.
Форумға еліміздің барлық өңірінен келген екі мыңға жуық депутат қатысып, жергілікті басқару жүйесін жетілдіру, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және халықтың мүддесін қорғау бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде мәслихат депутаттарының қоғамдағы рөлі ерекше екенін атап өтіп, олардың халықпен тікелей байланыста жұмыс істейтінін жеткізді. Президент жергілікті атқарушы органдар мен мәслихаттардың бірлескен жұмысы өңірлердің дамуына, бюджетті тиімді жоспарлауға және әрбір теңгенің ел игілігіне жұмсалуына ықпал ететінін айтты.
Бұл форум – мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, жергілікті өкілді органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды алаң. Ерлан Хисметуллин,
“Аманат” партиясы Құрманғазы аудандық филиалының төрағасы

