АСАН АУЫЛЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

(0 Votes)
Асан ауылында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аудандық коалициясы өкілдері Мақсат Мурзагалиев, Анар Танатарова тұрғындармен кездесу ұйымдастырды.
 
Жиын барысында ұсынылып отырған өзгерістердің стратегиялық маңызына тоқталып, азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыру, мемлекеттік институттардың ашықтығын күшейту, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау және қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіру мәселелері кеңінен айтылды. Сонымен қатар жергілікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыру және халықтың шешім қабылдау процестеріне қатысуын кеңейту бағыттары түсіндірілді.
Коалиция мүшелері ел болашағына тікелей әсер ететін маңызды құжат – жаңа Конституция жобасы туралы ашық әңгіме жүргізіп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік ахуалын жақсарту, еңбек адамдарын қолдау сынды маңызды бағыттарға кеңінен тоқталды. Тұрғындар тарапынан түрлі бағытқа қатысты көкейтесті сауалдар қойылып, коалиция мүшелері толыққанды жауап берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT