Ақжаулықты әже наурыз көженің дайындалу ерекшеліктерін көрсетті

(0 Votes)
Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық тағам — наурыз көженің дайындалу барысын көру үшін Махамбет ауданының тұрғыны, зейнеткер, Батыр ана Гүлсара Алдиярқызының шаңырағына арнайы бардық.
 
Ақжаулықты әже көп жылдық тәжірибесімен бөлісіп, наурыз көженің дайындалу ерекшеліктерін көрсетті. Оның айтуынша, бұл тағамның басты мәні — молшылық пен береке тілеу. Сондықтан оның құрамына жеті түрлі дәм қосылады.
 
Әже мерекелік дастарханға дайындықтың ерте басталатынын айтып, әрбір ингредиенттің өзіндік орны бар екенін атап өтті.
 
Наурыз — тек мереке ғана емес, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін ерекше күн.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT