Қоныстану ауылында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ауыл ішілік көшелер мен саябақ аумақтарында кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында ауылдың орталық көшелері, қоғамдық орындар мен саябақтар тазартылып, айналаны абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, егілген тал көшеттеріне күтім жасалып, суару жұмыстары атқарылды. Тазалық шарасына ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, 1 трактор тіркемесі және 29 адам жұмылдырылды. Жиналған қоқыстар арнайы орындарға шығарылып, ауыл аумағын таза ұстауға ерекше көңіл бөлінді. Таза әрі көрікті ауыл – әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Сондықтан туған жеріміздің тазалығын бірге сақтайық!
Кәмшат ӘБІШ

