Адам саудасы – адам құқықтары мен бостандықтарына қарсы бағытталған ауыр қылмыс. Оның алдын алу – қоғамның ортақ міндеті.
Осы бағытта Құрманғазы ауданында тұрғындарға адам саудасының қауіптері, еңбек және жыныстық қанаудың алдын алу, күмәнді ұсыныстардан сақ болу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе жұмысқа орналасу кезінде құжаттарды бөтен адамдарға бермеу, белгісіз тұлғалардың ұсыныстарына сақтықпен қарау және заңды еңбек келісімшартын жасау қажеттігі түсіндіріледі.
Әр азамат өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, заңсыз әрекетке тап болған жағдайда тиісті органдарға дер кезінде хабарласуы қажет. Адам қадір-қасиетін қорғау – баршамызға ортақ міндет.


