Қоғамдағы заң мен тәртіптің маңызды салаларының бірі – жол қозғалысы ережелерін сақтау. Күн сайын жолдарда мыңдаған адам қозғалады, сондықтан әрбір жүргізуші мен жаяу жүргінші өз қауіпсіздігі үшін белгіленген талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Жол ережелері – адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған заңдардың бірі.
Жол ережесін бұзу көбіне қайғылы жағдайларға, яғни жол-көлік оқиғаларына әкеледі. Артық жылдамдық, бағдаршамға бағынбау, көлікті мас күйде басқару сияқты әрекеттер адам өміріне тікелей қауіп төндіреді. Мұндай заң бұзушылықтар тек жүргізушінің өзіне ғана емес, басқа да жол қозғалысына қатысушыларға зиян келтіруі мүмкін.Әсіресе жастар арасында көлік тізгіндеу мәдениетін қалыптастыру өте маңызды. Жауапкершілікпен қарау, қауіпсіздік белдігін тағу, телефонды қолданбау сияқты қарапайым ережелердің өзі көптеген қайғылы оқиғалардың алдын алады. Бұл жерде ата-ананың тәрбиесі мен қоғамның үлгісі де үлкен рөл атқарады.
Мемлекет тарапынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі заңдар қабылданып, бақылау күшейтілуде. Жол полициясы қызметкерлері тәртіпті қадағалап, ережені бұзғандарға әкімшілік шаралар қолданады. Бұл өз кезегінде азаматтарды заңға бағынуға және жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.

