Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың артуына байланысты оның алдын алу шараларын жүргізу, жасөспірімдердің құқықтық білімін арттыру өте өзекті мәселелердің бірі. Келеңсіз жайттардың көбеюінің негізгі себептерінің бірі ретінде отбасындағы тәрбиенің төмендеуі қарастырылады, ата-аналардың көпшілігінің жұмысбастылық салдарынан оларға тиісті деңгейде көп көңіл бөліне бермейтіндігі айтылады.
Осы орайда аудан әкімінің орынбасары Қайрат Бөлековтің төрағалығымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында жиын өтті. Оған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мектеп психологтары қатысты.
Жиын төрағасы ауданда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізіле тұрса ара-тұра ұсақ құқық бұзушылық кездесіп тұратынын айтып, тәрбиелік жұмысты жетілдіре тусу, жасөспірімдер арасындағы құқықтық сана мен мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстануды міндеттеді. Ата-аналардан балаларының қауіпсіздігі үшін олардың түн мезгілінде үйден тыс жерде болмауын, араласатын ортасына, қызығушылығына көңіл бөлу, бос уақыттарын тиімді пайдалануға жұмылдыру мақсатында жауапкершілік сұралынатынын жеткізді. Аудандық полиция бөлімімен бірлесіп жүргізілген түнгі рейдтік іс-шаралар барысында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үй-жайдан тыс жерде жүрген жасөспірімдер анықталғандығын айтып өтті.
Кездесуге қатысушылар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың негізгі себептерін талқылап, ойларымен бөлісті.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Қ.Бөлеков түнгі рейдтік жұмыстарды тұрақты түрдеұйымдастыру, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын күшейту, мектеп пен полиция арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, әрбір оқушының қызығушылығын ескере отырып бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелерін көтерді. Жауапты тұлғалардан құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кешенді шараларды ұйымдастыру, тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Айбек ӘНУАРҰЛЫ

